Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың бастамасымен қалада жаңа саябақ ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ол Ертіс өзені арқылы өтетін көпір мен Республика алаңын байланыстырады. Бұл жоба шаһардың заманауи дамуына бағытталған маңызды қадам болмақ.
Биыл Халифа Алтай мешітінің алдындағы және Орталық мәдениет үйі маңындағы скверлер жаңартылады. Протозанов жағалауы да жөндеуден өтІп, Бейбітшілік, Чехов, Абай және Жеңіс көшелеріндегі жаяу жүргінші жолдары жаңартылуда.
Қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында биыл 10 аула абаттандырылады.
Сонымен қатар сегіз көшеде ойын алаңдары орнатылады.
Қазыбек би, 38, Әл-Фараби, 28, 20 ықшамаудан (Шайжүнісов пен Жидебай көшелерінің арасы), Әуэзов, 4 мекенжайларында футбол алаңдары салынады. Ал Қазыбек би, 7/1 мекенжайында баскетбол алаңы орнатылады.
Пікірлер