453.64 508.17 5.59
A+ A A-

Қазақстанның жаңа спутниктері қашан ұшырылады

Қазақстанның жаңа спутниктері қашан ұшырылады [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Бұл сауалға Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі kazinform-ға сілтеме жасап.

- Қолданыстағы спутниктік топтаманы алмастыру мақсатында бейнені ажырату қабілеті орташа үш спутниктен тұратын жаңа Жерді қашықтан зондтау (ЖҚЗ) топтамасын, сондай-ақ ажырату қабілеті жоғары үш ғарыштық спутник пен бір радиолокациялық спутникті құру бойынша инвестициялық жобаны іске асыру басталды, - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Бірінші кезеңде жерді қашықтан зондтау жүйесін дамыту аясында, яғни 2027 жылы «KazEOSat-MR» ажырату қабілеті орташа үш аппаратты ұшыру жоспарланған. Бұл ретте біріктірілген спутниктік топтаманы құруға мүмкіндік жасалады.

- Екінші кезеңде жерді қашықтан зондтаудың «KazEOSat-HR» ажырату қабілеті жоғары үш спутниктті 2028 жылы ұшыру ескерілген. Ал үшінші кезеңде «KazSat-3R» байланыс спутнигін 2029 жылы ұшыру жоспарланып отыр, - деп аталып өткен ведомство ақпаратында.
Бұдан бұрын хабарланғандай, спутниктерді Қазақстаннан экспорттауға қатысты екі елмен келісім бар.


Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив