453.64 508.17 5.59
A+ A A-

ШҚО-ның екі тұрғыны елордада адам тонады деген күдікке ілінді

ШҚО-ның екі тұрғыны елордада адам тонады деген күдікке ілінді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Polisia.kz сайтының мәліметінше, ақпан айының басында бірнеше адам Астана қаласының тұрғынын ұрып-соғып, 240 мың теңге қаражатын, құлаққап пен қуаттағышын тартып алған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Полицияның мәліметінше, оқиға Қосшы қаласында болды. 

Келтірілген шығынның жалпы сомасы 500 мың теңгені құрайды.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде үш күдіктінің жеке басы анықталды. Оның бірі - 17 жастағы Астана тұрғыны, қалған екеуі - 20 және 26 жастағы Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары. 

Қазіргі таңда бір адам уақытша ұстау изоляторына қамалып, тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив