A+ A A-

talgatzhan 30 4-03-2025, 15:15 0

Енді жеке куәлік пен төлқұжатты онлайн ауыстыруға болады

Бүгін / Республика

Пилоттық жобаны Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму министрлігі бірлесіп әзірледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстанда мерзімі өткен жеке куәліктер мен төлқұжаттарды ауыстыру онлайн форматта жүргізілуі мүмкін.

Құжат 19 наурызға дейін "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр.

- Жобаның мақсаты "Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызмет көрсетуді, атап айтқанда, қолданыстағы тәртіпке балама нұсқа ретінде онлайн форматта қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты жеке куәлік беру, – делінген түсіндірме жазбада.

Қазақстандықтар мерзімі өтіп кеткен құжаттарды электронды үкімет порталы мен мобильді қосымшалар арқылы онлайн режимінде ала алады. 

Қызмет жеке куәліктің мерзімінің аяқталуына 30 немесе одан аз күнтізбелік күн қалғанда немесе оның мерзімі өтіп кеткен, бірақ 10 күнтізбелік күннен аспайтын жағдайда ғана қолжетімді болады.

Фотосурет: Bizmedia.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив