453.64 508.17 5.59
A+ A A-

Алаяқтарға аударылған ақшаны қалай қайтарып алуға болады

Алаяқтарға аударылған ақшаны қалай қайтарып алуға болады [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Алматы қаласының прокуратурасы дропперлерден келтірілген залалды қалай өтеуге болатыны жөнінде нұсқаулық жариялаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

«Дроппер» — бұл алаяқтар ақша алу үшін пайдаланатын адам. Әдетте, банк шоттары, карточкалар арқылы аударым жасалады немесе ұрланған қаражат қолма-қол ақшаға айналады.

- Өндіріп алудың мұндай мүмкіндігі негізсіз байыту кезінде қаражат пен мүлікті қайтару міндетін көздейтін Азаматтық кодексінің 953-бабымен регламенттелген, - делінген Алматы қаласының прокуратурасы хабарламасында.

Талап арыз беру үшін мынадай құжаттар қажет:

- қылмыстық істі СДТБ-не енгізу туралы баянаттың көшірмесі;

- жәбірленушіні тану туралы қаулының көшірмесі;

- банктен адамның шотына ақша қаражатын аудару туралы жауап;

- шотына ақшалай қаражат түскен адамнан жауап алу («дропперлер»).

Егер сіз интернет-алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, қосымша сұрақтар бойынша прокуратура органдарына жүгінуге құқығыңыз бар. Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды мұқият болуға және өздерінің банктік карталарының деректері мен кіру кодтарын бөгде адамдарға бермеуге шақырады, - делінген хабарламада.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив