A+ A A-

talgatzhan 30 6-03-2025, 12:15 0

Өскеменде су тасқынының алдын алу шаралары жүргізілуде

Бүгін / Өскемен

Қалалық қызметтер су бұру жүйелерін тазалап, өзен жағалауларын бекітіп, қажетті техника мен материалдарды әзірледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Көктем-күз мезгілінде су өткізгіш құбырларды тазартуға ерекше назар аударылды. Безымянный және Овечий ключ жылғаларындағы құбырлар, Красин, Ахмер, Аблакетка, Шмелев Лог және Сәтпаев даңғылы бойындағы арықтар қардан тазартылды. 

Маховка («Восточник» бау-бақша серіктестігі маңы) және Үлбі (Бабкина Мельница маңы) өзендері бекітілді. Красин кентіндегі Пушкин, Предгорная, Линейная және Иманов көшелеріне жаңа су өткізгіш құбырлар орнатылды. Қала аумағынан еріген қар суларын тұрақты түрде шығару жұмыстары ұйымдастырылып, су басу қаупі бар тұрғын үй аумақтарының қауіпсіздігі күшейтілді.

Биыл қалалық қызметтер 11 мотопомпа, 6000 текше метр құм, 8000 құм қабы және 140 тонна дизель отынын әзірледі. Қыс-көктем маусымында Аблакетка, Согра, Шмелев Лог кенттері, Проходной, Вешний тұйық көшелері мен Островский көшесінде орналасқан аймақтарда құбырларды ыстық сумен шаю тұрақты жүргізіледі. Сонымен қатар арық жүйелері қардан тазартылып, кіші өзендердің арналары тереңдетілуде.

Су тасқынының алдын алу шаралары бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылып, қалалық қызметтердің тұрақты бақылауында. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив