A+ A A-

talgatzhan 38 11-03-2025, 14:30 0

ШҚО-да ауылдарда дәрігер тапшы

Бүгін / ШҚО

Бүгінде елді мекендерде барлығы 5 мыңнан астам медицина қызметкері жұмыс істейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның ішінде 417 дәрігер және 1600-ден астам орта буын медицина қызметкері бар. Дегенмен әлі де 75  маман жетіспейді.

Әсіресе гинеколог, реаниматолог, кардиолог, невропатолог, офтальмолог, нефролог дәрігерлерге сұраныс жоғары.

Бұл мәселені шешу үшін жергілікті билік жас мамандарға әлеуметтік қолдауды арттыруда. Дәрігерлерге жеңілдетілген тұрғын үй несиелері беріліп, 100 АЕК көлемінде көтерме жәрдемақы төленеді. Ауылдық жерлерге келгендер 8,5 миллион теңге көлемінде бір реттік төлем алады.

Сонымен қатар облыс деңгейінде сұранысқа ие мамандықтар бойынша дәрігерлерді даярлауға мемлекеттік тапсырыс ұлғаюда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив