11-31 наурыз аралығында өңірде ауыл шаруашылығы жануарларын ұрлаумен байланысты қылмыстардың алдын алу, анықтау және ашуға бағытталған «Мал ұрысы» жедел профилактикалық іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шара барысында полиция қызметкерлері малды жаю, тасымалдау және сатылатын орындарда бақылауды күшейтіп, жануарларды қауіпсіз ұстау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Құқық қорғау органдарының өкілдері тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға, күдікті азаматтарды немесе заңсыз әрекеттерді байқаған жағдайда дереу полицияға хабарласуға шақырады.
Пікірлер