A+ A A-

talgatzhan 70 25-09-2024, 17:31 0

Бұқтырмада салынып жатқан көпірдің екі жағына бекет қойылуы мүмкін

Бүгін / ШҚО / ЖАҢАЛЫҚТАР / Басты

Бұқтырма су қоймасына салынып жатқан елдегі ең ұзын көпірдің екі жағына бекет қойылуы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Бүгін облыс әкімдігінде өткен жиналыс барысында ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Бұқтырма су қоймасына салынып жатқан көпірде қауіпсіздікке баса мән берілуі қажеттігін айтты. 
«Бұқтырма арқылы өтетін көпірден көліктердің қалай жүретіндігіне қатысты ережелерді бекіту қажет. Яғни, көпірде ұзын-сонар кептелістің болуына жол бермеуіміз керек. Себебі көпірге кіреберісте немесе шығар жолда жол апаты болса көпір жабылып қалуы мүмкін. Бұл көпірден жүретін көлік өте көп болатынын да ескеруге тиіспіз», - деді облыс әкімі.
Өз сөзінде ол әсіресе көліктер арасындағы қашықтықты сақтаған жөн екендігін жеткізді. 
«Көпір маңына көліктердің арақашықтығы 20-30 метр екенін көрсететін тиісті белгілер орнатылуы қажет. Одан кейін қауіпсіздікті сақтау мақсатында көпірдің екі жағына бекеттер қойған жөн», - деді Ермек Көшербаев.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив