Өңірде «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Рейд барысында облыс орталығындағы тұрғын үй кешенінің құрылысында заңсыз жұмыс істеген көрші елдің 9 азаматы анықталды.
- Тексеру барысында шетелдік азаматтардың тиісті рұқсат құжаттарынсыз еңбек еткені белгілі болды. Аталған құқықбұзушылық үшін жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді, – деді ШҚО Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Шкибаев Ринат.
Сонымен қатар заңды тұлға шетелдік жұмысшылардың ел аумағында болуы туралы полицияға уақтылы хабарламағаны үшін жауапқа тартылды. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
Сот шешімімен заң бұзушылар елден шығарылады.
Пікірлер