A+ A A-

talgatzhan 16 12-03-2025, 14:00 0

Қазақстанда сирек кездесетін жануарларды қалпына келтіру жұмыстары қалай жүріп жатыр

Бүгін / Республика

Қазақстанда қар барысының саны тұрақты түрде өсіп келеді. Бүгінде елімізде шамамен 180 ілбіс бар. Бұл туралы ҚР Зоология институтының бас ғылыми қызметкері, ҚР Қызыл кітабының бас редакторы Роман Ященко мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі kazinform-ға сілтеме жасап.


Оның айтуынша, Алматының символдарының бірі - қар барысын сақтауға ерекше көңіл бөлінеді. Қазір Қазақстанда олардың мекендейтін жерлерінің 70%-ға жуығы қорықтардың қорғауында.

Жабайы табиғатта жануарлардың мінез-құлқын зерттеу және бақылау үшін ғалымдар фототұзақтар мен спутниктік телеметрияны пайдаланады.

– Қазірдің өзінде 11 қар барысына спутниктік қарғыбау берілді. Жүйелі шаралардың арқасында Қазақстандағы қар барысының саны 1990-шы жылдардағы 80-100 бастан 160-180 басқа дейін өсті, – деп атап өтті Роман Ященко.
Сондай-ақ, спикер 2024 жылы Қазақстанда екі ауқымды жоба - жолбарыс пен Пржевальский жылқысын қалпына келтіру бойынша белсенді кезеңге өткенін атап өтті. Тарихта бұл жануарлар ел аумағында мекендеген, бірақ толығымен жойылған.

Еске салайық, осыған дейін Зоология институтына қарасты қар барысын бақылау орталығының басшысы Алексей Грачев ұлттық табиғи парктер мен қорықтар аталған жануарлар үшін қауіпсіз екенін айтқан болатын.

Сондай-ақ жаңартылған «Қызыл кітап» қандай жануарлармен толыққаны туралы жазған едік.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив