ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілер басқа өңірден келіп, ұрлықты алдын ала жоспарлаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Олар құлыпқа сәйкес келетін кілтті таңдап, көпқабатты үйдегі пәтерлердің біріне заңсыз кірген. Екі ноутбук, зергерлік бұйымдар және басқа да бағалы заттарды ұрлағаны белгілі болды. Келтірілген шығын мөлшері 1 350 000 теңгені құрайды.
- Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторында. Тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген ақпаратта.
Құқық қорғау органдарының өкілдері қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сенімді құлыптарды қолданып, бейнебақылау жүйесін немесе дабыл қондырғысын орнатуды ұсынады. Аулада немесе уйге кірерберісте күдікті адамдар байқалса, оларды назардан тыс қалдырмай, қажет болған жағдайда полицияға хабар беру маңызды. Кез келген күмәнді жағдай ұрлықтың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға көмектеседі.
Пікірлер