A+ A A-

talgatzhan 30 13-03-2025, 12:25 0

Өскеменде көпдеңгейлі жол айырығы салынады

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығында көлік қатынасының қолжетімділігін арттыру, магистраль жолдардағы жүктемені азайту және қала ішіндегі қозғалыс жайлылығын жақсарту бағытында бірқатар жоба іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Маңызды жобалардың бірі – Қ. Сәтпаев және І. Есенберлин даңғылдарының, сондай-ақ Жібек Жолы мен Базовая көшелерінің қиылысында көпдеңгейлі жол айырығын салу. Бұл аумақ қаланың көлік жүйесінде негізгі рөл атқарады. Ол орталықты Сол жағалаумен байланыстырып, оңтүстіктен солтүстікке қарай негізгі қозғалыс ағынын қамтамасыз етеді. Жаңа жол айырығы көлік қозғалысын айтарлықтай жеңілдетпек.  

Бұдан бөлек, Қазақстан көшесіндегі трамвай жолдарын жаңғырту қарастырылып отыр. Абай даңғылы, Шәкәрім және Қабанбай батыр көшелері, Үлбі өзені арқылы өтетін көпір жөнделеді. Сонымен қатар аулалар арасындағы жолдар ретке келтіріліп, асфальт жамылғысы қалпына келтірілмек. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив