Ақпан айының қорытындысы бойынша медициналық қызмет құны өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 11,4%-ға өсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтардың бағасы 10,6%-ға өсті.
Амбулаториялық қызмет 11,8%-ға, аурухана қызметі 11,2%-ға қымбаттады.
Бағаның күрт өсуі Атырау (19%), Батыс Қазақстан (17%) және Қарағанды (16,3%) облыстарында байқалды. Ең аз өсім Маңғыстау (2,9%), Жетісу (4,8%) және Түркістан (6,1%) облыстарында тіркелді. Ал Шығыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 9,8 пайызды құрады.
Пікірлер