Аудандағы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне іссапар шығыстары төленбегені анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, 171 мұғалімге ұзақ уақыт бойы заңмен қарастырылған іссапар төлемдері жүргізілмеген, жалпы сома 28 миллион теңгеден асты.
- Самар ауылындағы мектептердің бірінде мұғалімге 2024 жылғы сәуірден 2025 жылғы қаңтарға дейін 224 105 теңге мөлшерінде іссапар шығыстары төленбеген. Осындай жағдайлар ауданның басқа мектептерінде де болған, - делінген Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің ақпаратында.
Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде заңбұзушылықтар жойылып, барлық ұстазға тиісті төлемдер толық көлемде жүргізілді.
Облыс прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бойынша жұмысты жалғастыруда.
Пікірлер