«Қазгидромет» облыстық филиалының ақпаратына сәйкес, наурыздың 15-і күндіз өңірдегі жолдарда көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жел шығыс пен оңтүстік-шығыс бағыттан соғады. Облыстың оңтүстігінде және орталығында желдің екпіні 15-20 м/с, тіпті 23 м/с-ке дейін жетеді. Қала жолдарында да күндіз көктайғақ болуы ықтимал.
ШҚО ТЖД мамандары азаматтарға мынандай кеңес береді:
- жолдарда жылдамдық режимі мен қашықты сақтаңыз;
- жаяу жүргіншілер құлап қалудан сақтану керек;
- желдің екпіні кезінде сымдар мен тербелетін заттарға жақындамаңыз;
Төтенше жағдайда «112» нөміріне хабарласыңыздар.
Фотосурет ашық дереккөзден
Пікірлер