A+ A A-

talgatzhan 31 14-03-2025, 15:25 0

Ұлан ауданында әлеуметтік осал топтарға арналған ашық есік күні өтті

Бүгін / Ұлан

Аудан орталығындағы Мәдениет үйінде тұрғындар консультациялық және құқықтық көмек алу үшін жиналды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жауапты бөлімдер мен мекемелердің, кәсіпкерлік палатасының мамандары, аудандық емхананың бас мейірбикесі мен заңгерлер тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүгізді.
- Бүгін Қасым Қайсенов кентінде ашық есік күні өтуде. Біз аудан тұрғындарына құқықтық көмек алу мақсатында ақпарат береміз. Тұрғындарды толғандырған мәселелерді тыңдап, оларға көмек көрсетуге дайынбыз. Консультациялық көмекке келіп жатқан тұрғындардың басым бөлілігінде үй мен жерге қатысты сұрақтар бар. Халық үшін біз әрдайым ашықпыз, сұрақтарына жауап беріп, қабылдауға дайынбыз, - деді Қ.Қайсенов кенті әкімі аппаратының бас маманы Мейрамбек Тоқтаров.
Мәдениет үйінде төмендегідей мамандардың жеке кеңестері өтті:
    • «Тұрғын үй-коммуналық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ;
    • «Жер қатынастары бөлімі» ММ;
    • «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ;
    • «Ұлан ауданының мансап орталығы» КММ;
    • «Комунальник» КМК;
    • «Жемчужина» ПИК;
    • Қ.Қайсенов кентінің дәрігерлік амбулаториясы;
    • Қ.Қайсенов кенті әкімнің аппараты;
    • «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
- Бүгін тұрғындар үшін пайдалы іс-шара өтуде. Ашық есік күнінің арқасында Қ.Қайсенов кентінің дәрігерлік амбулаториясының бас мейірбикесімен кездесіп, ойландырып жүрген сұрағыма жауап алдым. Бұл - егде жастағы адамдар үшін жақсы бастама. Қазіргі таңда емхана қызметі цифрлануда. Бас мейірбике Альмира Тоқтарқызы eGov mobile қосымшасы арқылы әлеуметтік пакетті қолдануды үйретті, - деді кент тұрғыны Берік Амандосов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив