A+ A A-

talgatzhan 31 18-03-2025, 10:20 0

Шемонаиха кәсіпкерлері «Ауыл Аманаты» аясында кәсібін кеңейтуде

Бүгін / Шемонаиха

Ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл Аманаты» бағдарламасы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2023 жылы іске қосылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Жаңа мемлекеттік бағдарлама арқылы ауыл тұрғындары жеңілдетілген төмен пайыздық мөлшерлемемен (2,5%) несие алып, өз кәсібін бастауда.

Шемонаиха ауданындағы кәсіпкер Алексей Серохвостов 2016 жылдан бері қақталған өнімдерді өндірумен айналысады. «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында «Шұжық және қақталған өнімдер шығаратын цехты қайта жаңғырту және жабдықтар сатып алу» жобасын іске асырды. Жаңа жабдықтар өндіріс көлемін ұлғайтуға және өнім ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Бағдарлама арқылы алған қаражатқа төмендегідей кәсібіне қажетті құрал жабдықтар сатылып алынған. Оның ішінде салқындатқыш жабдық, компрессор, гидравликалық шприц, куттер (етті ұсақтауға арналған құрылғы), механикалық клипсатор, слайсер (етті турауға арналған құрылғы), өндірістік еттартқыш (сағатына 600 келі өңдеу мүмкіндігі бар) бар. 

Қазіргі уақытта жабдықтар орнатылып, тексеруден өткізілді. Цехты іске қосу 2025 жылдың мамыр айына жоспарланған.

«Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында «Атамекен» ӨКП-ға Шемонаиха ауданынан 5 жоба мақұлданып, 38,63 млн теңге несие берілген.

- Бұл бастама – шағын және орта бизнесті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ауыл шаруашылығын қолдауға үлкен мүмкіндік береді, – деді Шемонаиха аудандық «АМANAT» партиясы филиалының төрағасы Елена Шабанова.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив