A+ A A-

talgatzhan 40 18-03-2025, 14:35 0

Күршім ауданындағы жаңа көпір туризмнің дамуына мүмкіндік ашады

Бүгін / Күршім

Ауданда туризм қарқынды дамып келеді, оның негізгі факторларының бірі – Бұқтырма су қоймасынан өтетін жаңа көпірдің салынуы, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Аудан әкімнің бастамасымен Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған жоба аясында өңірдің туристік әлеуетіне ерекше назар аударылды.

Жоба аясында бірнеше бағыт бойынша жұмыстар жүргізілді:

Инфрақұрылымды дамыту. Көпір мен жолдардың жаңартылуы көлік қатынасын жақсартып, табиғи және мәдени көрікті жерлерге қолжетімділікті арттырады.

Жастарды тарту. Ауданның жас тұрғындары туризм саласына белсенді түрде араласуда. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға және кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етеді.

Жоба аясында төрт бастама қолдау тапты. Оған Абай, Құйған ауылдық округтерінің және Күршім ауылының белсенді жастары қатысты. Қатысушылар алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Жаңа көпірдің салынуы көлік мүмкіндіктерін кеңейтіп қана қоймай, ішкі туризмнің дамуына да жаңа жол ашты. Жақсартылған инфрақұрылым ауданның тартымдылығын арттырып, жергілікті экономикаға оң әсерін тигізеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив