A+ A A-

talgatzhan 35 31-03-2025, 13:00 0

Өскеменде оқушылар сабақты 7.30-да бастамайтын болды

Бүгін / Басты / Өскемен

Өскемен қаласында мектеп оқушылары сабақты бұрынғы кесте бойынша оқи беретін болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

20 наурыздан бастап Өскеменде мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдар жаңа жұмыс кестесіне көшкен болатын. Соған сәйкес жұмыс күні сағат 08:00–де басталып, 17:30–да аяқталады, түскі үзіліс 12:00–ден 13:30–ға дейін.

Осыған байланысты мектептерде сабақ нешеден басталады деген мәселе туындады. Екі нұсқа болды: 8.00 немесе 7.30. Сөйтіп, екі уақыт ата-аналар арасында дауысқа салынды. Кейбір мектептер жаңартылған жұмыс уақытын сағат 7:30-дан бастап қолдай да бастады. Алайда басым көпшілігі қарсы дауыс берген. 

— Дауыс беру қорытындысы бойынша ата-аналардың көпшілігі сабақты сағат 8:00-де бастау туралы шешім қабылдады. Сондықтан төртінші тоқсанда сабақ кестесінде ешқандай өзгеріс болмайды. Өскемендегі барлық мектепте сабақ сағат 8:00-де басталады, - дейді қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Дина Шәріпова.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив