Қойнауыңа құт қонған ел бар десті,
Дешті Қыпшақ бет бұрып теріс кетті.
Сауырменен жармасқанда тау жотасы,
Алтайдың ар жағына бірақ жетті.
Шүйгін келген көк жазира алқапты,
Сайын дала төсінде мал қаптапты.
Табиғаты теңдессіз күз шыңдары,
Кез келгеннің жүрегін бір жаулапты.
Жамылғысы аңдармен өріп жатқан,
Қогсонарға бүркітшісі аңға шыққан.
Таң ба, түс пе өмірдің арасында,
Бал шырындай өзені ағып жатқан.
Той-думанның төркіні Тарбағатай,
Риясыз көңілмен болған ұдай.
Мынау дархан даланың аңыздары,
Бір көрмей кетіпті деп айтар болғай.
Дүлдүлдері қазағымның майталманы,
Жеті өнерге келіп тұрған сай талғамы.
Ел мен жердің қаймағына еніп кеткен,
Тарбағатай туған жерім, бой тұмарым!
Диляра Қорғау,
ҚАЕУ «Журналистика» мамандығының 2 курс студенті
Пікірлер