A+ A A-

talgatzhan 38 10-04-2025, 14:35 0

Өскемендегі саяжайлардың бірінде ер адам итті бауыздады

Бүгін / Өскемен

Әлеуметтік желілерде облыс орталығындағы саяжай кооперативтерінің бірінде ер адам иттің тамағын кескені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі. 

Жараланған жануар ауыр жағдайда ветеринарлық клиникаға жеткізілді. Сондай-ақ иттің бес күшігі бар екендігі белгілі болды. Оларды қазір қала тұрғындарының бірі асырап алған. 
Куәгерлер оқиға орнына полиция шақырып, күдікті ұсталды. Көпшілік ер адамның ұрда-жық мінез-құлқы өздеріне де қауіп төндіреді деп үрейленеді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 316-бабына сәйкес жануарларға қатыгездік жасаған адам 120 АЕК-ке (479 040 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл арқалауға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартылуға, не отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге қамауға алынуы мүмкін.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив