ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына байланысты 86 қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Оның ішінде есірткіге қатысты 50 қылмыс анықталды. Атап айтқанда, 35 сату, 2 аса ірі көлемде сақтау, 13 құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру фактісі. Сондай-ақ 10 фотолаборатория жойылып, 1 контрабанда дерегі тіркелді. Заңсыз айналымнан 38 келіден астам есірткі, оның ішінде 37 келі марихуана, 1 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді, - делінген ресми ақпаратта.
Бұдан бөлек, есірткі қылмысының алдын алу үшін 100-ден астам профилактикалық іс-шара өткізілді. Аталған жұмыс департамент басшылығының қатаң бақылауында.
Пікірлер