A+ A A-

talgatzhan 36 2-05-2025, 14:10 0

Тілім менің – тұғырым

Бүгін / Руханият

Арқаға жүкті тосын батырмай,

«Ақын» болған соң көтерем.

Тілім болмаса осындай тұрмай,

Айналып үнсіз кетер ем...

 

Сыйласаң бабаң саған разы,

Сыйлады деме тегін бақ.

Әй, достым, айтшы баба мұрасы,

Тіліңнен артық не қымбат?

 

Дүниенің мынау білімің ұқ та,

Бағалыларын бек айыр.

Өз халқы өздік тілін ұмытса,

Байтақ жеріңнен не қайыр?

 

Орнында болмас көңіл шынында,

Білмесе туған тілді егер.

Осынау байтақ өмір сынында,

Болмайды онда жүлдегер.

Қоймаса Алла бір үтір таңда,

Қойнына алып жер тығар.

Болашағыңның тірі тұрғанда,

Көкірегінде серті бар.

 

Түземей орнын жараларыңның,

Жүрерсің қалай бос күліп.

Тұрғанда тілмен бабаларыңның,

Жаңғырықтары естіліп!



Ахбай Сымбат,

С.Аманжолов атындағы ШҚУ «Еомпьютерлік мехотроника» мамандығының 1 курс студенті

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив