A+ A A-

talgatzhan 31 8-05-2025, 09:30 0

Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері

Бүгін / Руханият

Қазақтың даңқты батыры Бауыржан Момышұлының еткен ерлігі мен еңбегі ұмытылмайды. Ол тек әскери адам ретінде ғана емес, жазушы ретінде де танылды. Батырдың шығармаларын оқыған жас буын Отанға деген сүйіспеншілікті бойларына сіңіріп өседі. Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Кеңес Одағының Батыры, халық қаһарманы, әскери шенді қызметкер, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлының кез келген жанға рухани азық болар нақыл сөздерін ұсынамыз, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу - сатқындықтың белгісі.

***

Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін.

***

Ақкөңіл деген нәрсенің екі түрі бар: аңғал ақкөңіл, ақылды ақкөңіл.

***

Опасызда Отан жоқ.

***

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.

***

Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық.

***

Адамды бұзатын не? Тағы да сол - атақ, ақша, арақ. Осы үшеуі. Төртіншісі әйел демеймін. Алғашқы үшеуінің буына бөртіп, әйелдерді біз – еркектер бұзамыз.

***

Ана үшін аянба - ант ұрады,

Бала үшін аянба - бетің күйеді.

Ел үшін аянба - ерлігіңе сын,

Жұрт үшін аянба - жігіттігіңе сын.

***

Қайратты әдісіңе жолдас ет,

Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.

***

Қырағының өзі де, көзі де батыр.

***

Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып қызмет ет.

***

Шын дос сыртыңнан мақтайды.

***

Сабырлық алдында дұшпан сасады,

Сабырсыздан береке қашады.

***

Кішіпейілділік - адамгершілік көркі.

***

Ойлы бастық ұқыпты қызметкерді адам етеді,

Ойсыз бастық оқып келген маманды надан етеді.

***

Жақсы бастық - жарты бақыт.

***

Көп тұрған су сасиды,

Ойламаған ми сасиды.

***

Тексізден тезек артық,

Арсыздан айуан артық.

***

Арпалысып жүріп алған абырой - өмірдің ең шырын рақаты.

***

Өмір үшін өлгенше күрес.

***

Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.

***

Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілімізді білмеуі, не шала білуі мені қатты қынжылтады. Бұған ең алдымен ата-ана кінәлі.

***

Тәрбие адам бойында жақсы мінез-құлық қалыптастырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив