15 мамыр күні Самар ауданында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында аудан әкімдігі, Жастар ресурстық орталығы, аудандық прокуратура, полиция және білім бөлімінің бастамасымен мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында тетарландырылған қойылымдар байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шараны мақсаты - жастар арасында нашақорлық пен алаяқтықтың, құқық бұзушылықтың алдын алу.
Байқауға қатысушылар қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғады.
Сайыс нәтижесі бойынша 1 орынды “Аққала” балабақша кешені, 2 орынды Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі, ал 3 орынды Самар аграрлық-техникалық колледжі мен Абай атындағы орта мектебі иеленді.
Қалған қатысушылар “Ең үздік рөл”, “Ең үздік сценарий”, “Ең үздік актер”, “Ең үздік режиссер”, “Көрермен көзайымы”, “Жастар үшін жеткізген қойылым”, “Талантты жаңа актер” номинациялары бойынша марапатталды.
Пікірлер