A+ A A-

talgatzhan 3 Бүгін, 14:20 0

Өскемендегі Шешек асуында демалыс аймағы пайда болады

Бүгін / Өскемен

Абаттандыру жұмыстары жүріп жатқан нысандарды аралау барысында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Самар тасжолының бойында, Шешек тауы маңында салынып жатқан серуендеу, жаяу жүргіншілер аймағына барды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

— Бұл – Өскеменнің көрнекті орындарының бірі. Қаланың тұрғындары мен қонақтары бұл жерге жазда да, қыста да келіп демалады. Өкінішке қарай, бейберекет болып тұр. Сондықтан біз бұл жерде барлық қажетті жағдайды жасап, тұрғындарымыз үшін қоғамдық демалыс орнын ұйымдастыруымыз керек. Ең алдымен автотұрақ салып, Шешек маңын, бұлақтарды абаттандыру, “Өскемен” деген жазуды барлық жағынан жарықтандыру қажет. Мұнда мангал қоюға арналған аймақ пен балалар алаңқайы, күркелер орнатылады. Адамдардың еркін жүріп-тұруы үшін жаяу жүргіншілер жолдары салынады. Таза ауадағы белсенді демалыс – тұрғындарымыз үшін аса маңызды, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Құрылыс жұмыстарының тапсырыс берушісі – Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, ал мердігер – «DAN-invest» ЖШС.

Құрылыс 20 мамырда басталды. Ал пайдалануға беру қала күніне жоспарланған. Мердігерлер жаңа демалыс аймағын аталған мерзімнен ертерек аяқтауға уәде берді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив