A+ A A-

talgatzhan 46 12-06-2025, 09:55 0

Өскеменде 17 залдан тұратын кинотеатр салынады

Бүгін / Өскемен / Басты

Өңірде шекаралас аудандарды, шалғай елді мекендерді, өңірдің туристік әлеуетін дамыту аясында бірнеше демалыс нысанын салу жоспарлануда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Облыс орталығыгдағы Есенберлин мен Қазыбек би көшелерінің қиылысында заманауи үлгідегі кинотеатр салынады. Ол жалпы сыйымдылығы 2050 көрерменге дейінгі 17 залдан тұрады. Кинотеатр лазерлік проекция, Dolby Atmos дыбыс жүйесі және ыңғайлы Euroseating орындықтарымен жабдықталады. 

Көрермен әртүрлі форматтағы залдарда кез келген жанрдағы фильмдерді тамашалай алады. Танымал актерлер мен режиссерлердің қатысуымен қазақстандық фильмдердің тұсаукесері де өтеді.

Сондай-ақ кинотеатрда орналасқан отбасылық мейрамханадан ұялы қосымша арқылы тапсырыс беру мүмкіндігі бар премиум-залдар болады. 

Келушілерге ыңғайлы болу үшін автотұрақ пен демалыс алаңы ұйымдастырылады.

Айта кетейік, инвесторларды тарту арқылы Зайсан және Тарбағатай аудандарында да кинотеатр мен қоғамдық тамақтану орындары бар жаңа кешендер салынады.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив