A+ A A-

talgatzhan 0 19-06-2025, 14:45 0

Самар ауданы тұрғындары биыл 100% таза ауызсумен қамтылады

Бүгін / Самар

Аталған ауданға қарасты Құлынжон, Көкжыра, Аққала ауылдары жыл соңына дейін толығымен таза ауызсумен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Ауызсумен қамтамасыз етуші жоба 2018 жылы қабылданғанымен, жүзеге аспаған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәлихатында Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов айтты.
- Иә, мұндай мәселе бар. 2018 жылғы жоба толық жүзеге аспаған. Бірақ біз тиісті шаралар қолданып, 1-ші қыркүйекке дейін суды жібереміз. Жыл соңына дейін аудан таза ауызсумен толық қамтылады. Су құбырын жөндеу үшін бюджеттен Құлынжон ауылына – 124 876,4 мың тг, Аққала ауылына – 98 076,3 мың тг, Көкжыра ауылына – 86 456,1 мың тг бөлінді, - деді Серік Жеңісов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив