A+ A A-

talgatzhan 38 30-07-2025, 15:50 0

Нұрымбет Сақтағанов Глубокое ауданы әкіміне бірнеше тапсырма берді

Бүгін / Басты / Глубокое

Солардың бірі - Черемшанка ауылында жол бойындағы сервисті дамыту, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Винное ауылында Глубокое ауданы тұрғындарымен кездесті. Жергілікті жұрт сұрағын қоймай жатып, өңір басшысы бірқатар ресми мәліметпен бөлісті. Оның сөзінше, облыс көлемінде әкімдердің атқарған жұмысы KPI жүйесі арқылы бағаланады. Глубокое ауданының басшысы да жыл соңында осы бойынша есеп береді. Туризм мен кәсіпорындар әдеттегідей, табыс әкелетін тармақ болып саналады.

- Осы ретте аудан басшысына іске жаратылмаған қаржыны өндіру жұмысын жалғастыруды тапсырамын. Мұны аудандағы кірістер басқармасымен бірлесіп орындаңыз. Ауыл шаруашылығы аудан экономикасын ілгерілететін сала. Жазығында 16 мыңға жуық ірі қара, 11 мыңнан астам ұсақ мал, 6000-дай жылқы жайылады. Өсімдік шаруашылығында да өсім бар, - деді Нұрымбет Аманұлы.

Осыдан соң халықтың табысын арттыру маңызына тоқталып, аудан басшысы Елдар Тумашиновқа тағы бір тапсырма жүктеді.

  • Черемшанка ауылында жол бойындағы сауда алаңдарын абаттандыру бойынша ұсыныс енгізуді тапсырамын. Санитарлық торап та қарастырылуы тиіс. Ұсыныс енгізу мерзімі - 15-ші тамыз, - деді облыс әкімі.

Әділхан ЕСІМХАНОВ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив