A+ A A-

talgatzhan 51 4-08-2025, 15:35 0

ШҚО-да Салық кодексіндегі өзгерістер талқыланды

Бүгін / ШҚО

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар өтті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Бүгінде Салық кодексіне бірқатар өзгеріс енгізілді. Ең басты және өзекті мәселе — салық мөлшерлемелерін азайту, яғни салық жүктемесін қысқарту. Сонымен қатар жеке тұлғаларға көптеген жеңілдік қарастырылған. Осыған орай ұйымдастырылған семинарда қатысушылар жаңа өзгерістермен жан-жақты танысты.

– Бұл семинардың біз үшін ең маңызды тұсы – тікелей ақпаратты ресми дереккөздерден алу. Атап айтқанда, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қаржы министрлігі. Жеке кәсіпкер, есепші немесе қарапайым азамат бұл жаңалықтарды уақтылы, нақты дереккөздер арқылы алып отырса, жаңа кодекске дайын болуға мүмкіндік бар, – деді «Esep.kz» ЖШС өкілі Анара Мұратқызы.

Семинар барысында қатысушыларға кодекстің негізгі бағыттары түсіндірілді.

– Қаржы министрлігі бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқаруда. Қазіргі таңда өзекті сұрақтардың бірі – бизнеске қатысты салықтық жоспарлау. Бүгінгі семинарда жаңа Салық кодексі бойынша бірнеше маңызды критерийді қарастырамыз. Айта кету керек, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алады, – деді ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Өмірбаев.

 

Ұлжан СЕЙІТХАНОВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив