A+ A A-

talgatzhan 54 27-08-2025, 13:00 0

Өскеменде Конституция күні мен қала күні қалай атап өтіледі?

Бүгін / Басты / Өскемен

Қала әкімдігінің ақпаратынша, 30 тамыз - Конституция күні мен қала күніне орай облыс орталығында 30-дан астам ауқымды іс-шара ұйымдастырылады. Бұдан бөлек, шаһар іші мерекеге сай безендіріліп, 5 LED-экран мен 8 медиа тақтаға Конституция күнінің 30 жылдығына арналған логотип орналастырылды. Ертіс көпіріне 100, Жеңіс көшесіне 50, Үлбі көпіріне 40 жалау ілінді. Қоғамдық орындарда ақпараттық-танымдық буклеттер таратылып, «Ата Заңды білейік!» сауалнамасы ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бағдарламалар кестесі: 

28 тамыз:

10:00 — Ахмер кентіндегі Қабанбай батыр ескерткішінің жанында «Шырға тарту» ұлттық ойыны;

18:00 – Достық үйінің алдында 1990-2000 жылдар стиліндегі ретро-кеш;

 

29 тамыз:

11:00 — Добролюбов көшесі, 44 мекенжайында күрделі жөндеуден кейінгі бассейннің ашылуы. 

Бұдан бөлек, «Сәулетай» саябағында мүмкіндігі шектеулі балалар мен отбасыларына арналған «Өскен жерім – Өскеменім» квесті, «Сүйікті қала — Өскемен» үздік бейнеролик байқауының жеңімпаздарын марапаттау өтеді. 

17:00 — Үлбі жағалауында «Аналар шеруі»;

18:00 — Амфитеатрда «Oskemen qalaysyn» кеші;

 

30 тамыз:

09:00 — Өскемен аллеясында таңғы жаттығулар;

10:00 — Шешек асуында скандиваниялық серуендеу,

11:00 — Республика алаңында Конституция күніне арналған мерекелік шара;

12:00 — «OSKEMEN BATYRY» Strongman Show, Бал фестивалі, «Damdi Fest» гастрономиялық фестивалі, «Күз сыйы» жәрмеңкесі, қолөнершілер көрмесі. Достық үйінде «Ата заң – елдiгiмнiң еңсесi» атты концерт өтеді;

18:00 — Республика алаңында ALEM, JAZZDAUREN, Заттыбек Көпбосынұлы, Ғазизхан Шекербек, Нұрсұлтан Нұрбердиев, Диана Исмаил, Ажар Назар, Ақтоты Болшова, Жігер Ауыпбаев сынды отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен кешкі концерт. Жүргізушілер – Анара Батырхан мен Dake;

22:00 — Мерекелік отшашу.

 

31 тамыз:

08:00 — Жеңіл атлетикадан КСРО-ның спорт шебері, марафоншы Рахымғазы Көшербаевты еске алуға арналған ГЭС-тен орталық алаңға дейін жүгіруден ашық жарыс.

 

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив