A+ A A-

talgatzhan 37 27-08-2025, 12:30 0

Өскеменде «Жарық дүние» республикалық әдеби байқауы жеңімпаздары марапатталды

Бүгін / Өскемен / Руханият

Өскеменде жазушы Қалихан Ысқақтың 90 жылдығына орай қала әкімдігінің қолдауымен «Жарық дүние» атты республикалық әдеби байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Оған шаһар басшысы Алмат Ақышов келіп қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ертіс жағасында орналасқан Оралхан Бөкей атындағы кітапханада өткен байқауға шығарма қабылдау 2025 жылдың 1 ақпанынан 1 тамызына дейін жалғасып, жазушының «Жарық дүние» кітабының атауымен ұйымдастырылды. Әңгіме жанры бойынша өткен додаға еліміздің әр аймағынан 20-50 жас аралығындағы жас қаламгерлер қатысты. Байқаудың негізгі мақсаты – Қалихан Ысқақтай қазақы сөздің көркемдігін жеткізетін дарынды қаламгерлерді анықтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, туған жер мен елге сүйіспеншілікке үндеу, сондай-ақ ана тіліміздің мәртебесін көтеру болды.

Жеңімпаз атанған Нұрасыл Серікжан бұл байқау туралы әлеуметтік желіден көргенін айтты.

- Қалихан Ысқақ – сүйікті жазушыларымның бірі. Әйгілі Оралхан мен Қалиханның шығармалары кез келген оқырманды баурап алады. Сол кісілердің туындыларын оқып өскендіктен, осында келіп бақ сынадым. Әділқазылар мен кітапхана ұжымына алғыс білдіремін, – деді ол.

Әділқазылар алқасы құрамында жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы ШҚО бөлімшесінің төрағасы Әлібек Қаңтарбаев, ақын, «Didar» газеті тілшісі Серік Құсанбаев,  “Egemen Qazaqstan” газетінің ШҚО бойынша меншікті тілшісі тілшісі Мерей Қайнарұлы болды.

Айта кетейік, жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар мен Алғыс хаттар табысталды.

Нақтырақ айтар болсақ, 1-орынға - 1 млн теңге, 2-орынға - 500 жүз мың теңге, 3-орынға - 300 мың теңге берілді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив