A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 09:00 0

Биылғы басты бастамалар: ШҚО қала, аудандарын қандай өзгерістер күтіп тұр?

Бүгін / Басты / ШҚО / Ұлан / Үлкен Нарын / Шемонаиха

Жыл сайын облыстағы қалалар мен аудандарда даму жолындағы жоспар құрылып, түрлі бастамалар қолға алынады. Аурухана мен мектеп салу, жарық пен жол жөндеу, ауызсу тарту – барлығы да тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Биыл да бұл үрдіс жалғасын таппақ. Қай өңірде қандай өзгеріс бар? Қандай жобалар жүзеге асуда? Осы жолы біз Ұлан, Үлкен Нарын және Шемонаиха аудандарына тоқталып, ондағы оң бастамалар жайлы сөз етпекпіз, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ұлан ауданы

Аудан әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, осы жылы қайтарылған активтер есебінен денсаулық сақтау және коммуналдык инфрақұрылым салаларында жеті әлеуметтік нысанды салу және жаңғырту жоспарланып отыр. Әсіресе ауызсумен қамту мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Қазір Асубұлақ, Бозанбай және Отрадное ауылдарында су құбыры желілерін салу және қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 1073 үй (шамамен 3 679 адам) және 30 әлеуметтік, қоғамдық нысан ауызсумен қамтылмақ. Осы мақсатта Асубұлақ ауылына 3 241 029,8 мың теңге, Бозанбай ауылына 3 976 926,558 мың теңге, ал Отрадное ауылына 677 547,0 мың теңге бөлінді. Барлық жұмыс желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланған. Бұдан бөлек, биыл қазан айына дейін Таврия ауылында қазандық салынбақ.

Бір айта кетерлігі, Ұланда жол мәселесі бүгінге дейін өзекті. Қазір аудандық маңызы бар Алмасай ауылына кіреберіс тасжолдың 0-6,5 шақырым учаскесі орташа жөндеуден өтуде. Сондай-ақ жыл соңына дейін ұзындығы 6,5 шақырым болатын IV санаттағы автомобиль жолдарын салу және жөндеу көзделген. Ол үшін облыстық бюджеттен 764 млн теңге қарастырылды. Бұл өз кезегінде көлік құралдарының жол бойымен қауіпсіз және үздіксіз козғалысына мүмкіндік береді.

 

Үлкен Нарын ауданы

Өткен жылдың басында қайта құрылған Үлкен Нарын ауданы бүгінде басқа елді мекендерден қалыспай, дамып келеді. Аудан әкімдігінің мәліметінше, биыл мұнда бірқатар игі жоба қолға алынды. Мәселен, өткен айда Үлкен Нарын ауылында балалардың ойын алаңы мен Тұмашинов көшесінің бойында аллея ашылды. Бұл тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне және ауылдың келбетін көркейтуге мүмкіндік берді. Ал осы айда Көкбастау ауылында спорт залы іске қосылады деп жоспарланып отыр. Жаңа нысан жастардың салауатты өмір салтын ұстануына және спортпен жүйелі айналысуына жол ашады.

 

Шемонаиха ауданы

Облыстың солтүстік-батысында орналасқан ауданда осы жылы білім беру және денсаулық сақтау саласына қатысты бастамалар жүзеге аспақ.

Ресми мәліметке сәйкес «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Шемонаиха қаласында 250 орындық білім ошағының құрылысы жүргізілуде. Жобаның мақсаты - оқушылардың сапалы білім алуына арналған заманауи жағдай жасау.

Сондай-ақ Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы, Шемонаиха-Сугатовка бағыттарындағы тасжол учаскелерін орташа жөндеу жұмыстары қолға алынбақ. Бұл өз кезегінде көлік қатынасын жеңілдетіп, жол қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді деп күтіліп отыр.

Биыл Волчанка ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды. Соның арқасында жергілікті тұрғындар бастапқы медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі. Бұдан бөлек, осы ауылдағы клуб күрделі жөндеуден өтіп, халықтың бос уақытын пайдалы әрі тиімді ұйымдастыру мақсатында мәдени және қоғамдық іс-шаралар өткізіледі.

Аудан әкімдігінің ақпаратынша, аталған жобалар аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын дамытуға, негізгі қажеттіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Фотосуреттер ашық дереккөзден

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив