A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 13:00 0

Өскеменде жаңа мектеп бой көтерді

Бүгін / ШҚО

Облыс орталығынла №41 жалпы білім беретін мектептің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Шара барысында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов жаңа оқу ордасының ашылуымен құттықтап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім сапасын арттыруға бағытталған тапсырмаларын атап өтті.
- Биыл аймақ бойынша 7 мектеп пайдалануға берілсе, соның 3-еуі Өскеменде ашылып отыр. Жаңа білім ошақтары заманауи техникалармен жабдықталып, оқушылардың сапалы білім алуына, шығармашылықпен айналысуына және жаңа технологияларды меңгеруіне барлық мүмкіндік жасалған, - деді өңір басшысы. 
Салтанатты шарада мектеп директоры Динара Мұсабаеваға символдық алтын кілт табысталды.
- Үш қабатты ғимаратта оқу кабинеттері, шеберханалар, әр пәнге арналған сыныптар, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған сенсорлық бөлме жұмыс істейді. Қазір мұнда 831 оқушы білім алуда. Ал оқу орны 600 орынға шақталған, - дейді ол. 

Ұлжан СЕЙІТХАНОВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив