№1 Самар орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті кабинеті ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ол поэзияны өмірінің мәні еткен Людмила Побияхоға арналды. Оның әдебиетке, адамдарға деген ыстық ықыласы әрдайым шәкірттері мен жақындарының жадында сақталмақ.
Оқу жылының алғашқы күнінде Людмила Анатольевнаның жұбайы Василий Побияхо мектепке заманауи жиһазбен, интерактивті тақтамен және компьютерлік құралдармен жабдықталған жаңа кабинетті сыйға тартты.
Сондай-ақ Людмила Анатольевнаның құрметіне «Жылдың үздік оқушысы» атты дәстүрлі сыйлық тағайындалды. Жеңімпаз шәкірт жыл сайын 27 мамырда – оның туған күнінде 100 000 теңге көлемінде марапатқа ие болады.
Пікірлер