A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 14:20 0

Самар ауданында Туризм және инвестициялар орталығы құрылды

Бүгін / Самар

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында инвестициялар тартудың маңыздылығын атап өтіп, олардың ел экономикасын дамытудағы басты рөлін белгіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Атқарылған міндеттер аясында Самар ауданы әкімідігінің жанынан Туризм және инвестициялар орталығы құрылды. Жаңа орталық инвестициялық жобаларды насихаттау және өңірдің туристік кластерін дамыту алаңы болып табылады.

Негізгі назар үш бағытқа бөлінбек: туризм, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп.

Әсіресе жағажай туризмін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Самардың бірегей жағалауы халықаралық бренд мәртебесін алып, Қазақстаннан ғана емес, шетелден де туристер ағынын тартуы тиіс.

Ауданда экономикаға инвестиция салуға дайын кәсіпкерлер жобаларды толық сүйемелдеу, қажетті ақпарат пен орталық тарапынан көмек алуға үміттене алады.

Жаңа құрылымның ашылуы Самар ауданының инвестициялық тартымдылығын арттыруға және оның Шығыс Қазақстан экономикасындағы рөлін нығайтуға жол ашады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив