«Туған жер-алтын бесігім» акциясы аясында облыс орталығында бірқатар іс-шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
19 қыркүйек:
- сағат 10:00-де Серікбаев атындағы ШҚТУ-да (Протазанов көшесі, 69( «Гендерлік саясат және тең мүмкіндіктер: өзекті мәселелер мен шешу жолдары» атты диалог алаңы;
- сағат 10:00-де О. Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада «Кітапхана және жасанды интеллект: жаңа көкжиектер» атты кәсіби библио-тур;
- сағат 11:00-де С.Нұрмағамбетов көшесі, 35 мекенжайында «Жас көшбасшылар алаңы» атты networking;
- сағат 11:00-де Ертіс көпірінің астында «Fighting Club»;
- сағат 12:00-де «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығында «Шемонаиха өнімдері: дәстүрлі сапа және жаңа серіктестік» атты бизнес-кейс;
- сағат 13:00-де Жастар ресурстық орталығында Шемонаиха ауданы әкімінің «Жастар – аудан дамуының тірегі» атты жастармен кездесуі;
- сағат 14:00-де А.С. Пушкин атындағы кітапханада «Абай әлемі: рухани мұраға сапар» кәсіби библио-тур;
- сағат 18:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында тауар-өндірушілері өнімдерінің, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің, суретшілердің және «Жұмысшы мамандықтар жылы» көрмесі мен «Туған жер-алтын бесігім» атты концерттік бағдарлама өтеді.
Ал 20 қыркүйек күні сағат 08:00-де «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі мен «Туған жер-алтын бесігім» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.
Пікірлер