Глубокое ауданының шығармашылық ұжымдары облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйламақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
26 қыркүйек сағат 18:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының фойесінде арнайы көрме, ал үлкен залында «Туған жер — алтын бесігім!» концерті ұйымдастырылады.
- Сахнада үздік орындаушылар, би және вокалдық ұжымдар өнер көрсетіп, көрерменге ұмытылмас эмоциялар мен жарқын әсер сыйлайды. Әрбір концерттік нөмір – үлкен еңбек, талант және өнерге деген махаббаттың нәтижесі, – делінген Глубокое ауданы әкімдігінің ақпаратында.
Ал ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 27 қыркүйек сағат 08:00-де «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығында ұйымдастырылады.
Дәл сол күні сағат 10:00-де Стахановский, 3а мекенжайындағы Жаппай спортты дамыту орталығында баскетболдан жарыс өтеді.
Пікірлер