444.3 490.91 5.41
A+ A A-

Нұрымбет Сақтағанов: Облыс халқының санын 1 млн-ға дейін жеткізу жоспарлануда

Нұрымбет Сақтағанов: Облыс халқының санын 1 млн-ға дейін жеткізу жоспарлануда [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Аймақ басшысы “Altay Invest - 2025” халықаралық инвестициялық форумының пленарлық отырысында 2030 жылға дейінгі жоспарлармен бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Белгілі болғандай, 2030-шы жылға дейін бірқатар маңызды мақсат қойылды. Атап айтқанда, жалпы өңірлік өнімін (ЖӨӨ) 5 трлн теңгеден 9,6 трлн теңгеге дейін арттыру, негізгі капиталға құйылатын инвестиция көлемін ЖӨӨ-нің 24%-ына, яғни 2,3 трлн теңгеге дейін өсіру және облыс бюджетінің өз кіріс көздерін 50%-ға дейін көбейту. 
– Біздің мақсатымыз – облыс халқының санын 1 млн-ға дейін жеткізу. Ол үшін елдімекендерді газбен қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу, шекара маңындағы аумақтарды жандандыру жоспарлануда. Бұл қадамдар халыққа жайлы өмір сүру мен дамуға жағдай жасайды, - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив