Бүгін Өскеменде өтіп жатқан “Altay Invest - 2025” халықаралық инвестициялық форумында аймақтың экономикасы мен әлеуметтік саласының дамуына үлес қосқан кәсіпорындар мен инвесторлар марапатталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов бірқатар ірі кәсіпорының жоғары нәтижелерін атап өтіп, арнайы марапаттарды табыс етті.
Үздік деп танылғандардың ішінде “Силумин-Восток”, “Өскемен артматура зауыты” АҚ, “ГРК МЛД” ЖШС, “Алтын Шығыс” ЖШС, Шемонаиха ұн және құрама жем зауыты, “Украинка” шаруашылық қожалығы, “Алтай форелі” ЖШС, “Bearlog” және “Приморск” демалыс орындары, MIGLIOR минералды суын өндіретін «ARNNA MINERALS» ЖШС бар.
Айта кетейік, марапатталған жобалар өңір экономикасын әртараптандыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және облыстың инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етуде.
Пікірлер