A+ A A-

talgatzhan 30 30-09-2025, 09:50 0

Өскеменде 1 қазаннан бастап жылу беріледі

Бүгін / Басты / Өскемен

Жылу беру нысандардың техникалық дайындығын ескере отырып, 1 қазаннан бастап 6 күн ішінде кезең-кезеңімен жүргізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Техникалық даярлық төлқұжаты жоқ нысандар барлық жұмыс тапсырылғаннан кейін қосылады.

Жылуды қосу туралы ақпаратты ukteplo.kz сайтындағы жеке кабинет, «Шығыс Жылу» мобильді қосымшасы,  +7 747 942 35 56 нөмірі бойынша WhatsApp чат-боты, @UKTSbot Telegram чат-боты арқылы білуге болады. 

Бүгінде қаладағы жылу энергиясын есепке алу аспабы және дайындық актісі бар нысандарға жылу берілді. Атап айтқанда, 66 көп пәтерлі тұрғын үй, 86 жеке сектордағы тұрғын үй, 34 мектеп пен балабақша, 17 медициналық мекеме, 29 әкімшілік және оларға теңестірілген нысан және 11 әлеуметтік нысан. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив