«Туған жер – алтын бесігім» акциясы аясында 3-5 қазан күндері Самар ауданының өкілдері облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына ауылшаруашылық жәрмеңкесін, мәдени және спорттық шаралар легін ұсынады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
3 қазан күні сағат 09:30-да «Юбилейный» кинотеатрында танымал актер және сценарист Рысқұл Қонақбаевпен кездесу мен фильм көрсетілімі өтеді.
Ал сағат 12:00-де Арбатта ұлттық киімдердің дефилесі ұйымдастырылады.
Сағат 17:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармонияның фойесінде арнайы көрме ұсынылады. Онда Самар ауданының жетістіктерімен танысуға мүмкіндік бар.
Сағат 18:00-де филармонияның басты залында «Самарым – шаттық мекенім» атты концерттік бағдарлама өтеді. Кештің арнайы қонағы - әнші Медет Көжекбаев.
4 қазан күні сағат 08:00-де Жібек жолы, 44 мекенжайында орналасқан «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығының аумағында ауылшаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Ал 5 қазан күні Өскемендегі дене шынықтыру-сауықтыру орталығында Самар ауданы командаларының арасында волейболдан жарыс болады.
Пікірлер