Облыс орталығында «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Самар ауданының мерекелік концерті ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Бағдарлама барысында қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттық киімдер көрмесі ұсынылды. Самар ауданы әкімінің орынбасары Мұрат Байжуменовтің айтуынша, шаралар бірнеше күнге жалғасады. 4 қазанда жәрмеңке, 5 қазанда волейболдан турнир өтеді.
Самар аудандық мәдениет үйінің әншісі Айымгүл Ыхайқызының сөзінше, бұл шараға аудан тұрғындары ерекше дайындалған.
- Бүгін қолөнер шеберлері мен тауар өндірушілері өз бұйымдары мен өнімдерін алып келді. Осындай кештің өтіп жатқанына қуаныштымыз. Халық дән риза. Ауданымыздың мәртебесін көтеру үшін аянбай атсалысамыз, – деді ол.
Мәдени кешке өнер жұлдыздары да келді. Соның бірі - актер Рысқұл Қонақбаев.
- Жылына бір рет Самарға келіп тұрамын. Табиғаты тамаша, қарасаң көз тоймайды. Дегенмен қызмет көрсету сапасын әлі де арттыру керек. Бұл аудан экономикасына үлкен септігін тигізеді, – деді мейман.
Осылайша, Өскеменде өткен «Туған жер – алтын бесігім» акцияаы аясындағы шара Самар ауданының мәдени әлеуетін кеңінен танытты. Сол арқылы ауданның аймаққа қосып жатқан үлесі айқын көрінді. Халықтың ризашылығы мен қонақтардың оң пікірі мұндай бастамалардың маңызын айқындады.
Пікірлер