A+ A A-

talgatzhan 35 6-10-2025, 10:40 0

Риддердегі көпсалалы аурухана құрылысы биыл аяқталады

Бүгін / Басты / Риддер

ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов Риддерде салынып жатқан көпсалалы аурухана кешеніндегі  құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, негізгі ғимараттар мен инженерлік коммуникациялардың дайындығын тексерді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бақытжан Байахметовтің айтуынша, құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Медициналық кешенде бір ауысымда 500 адамды қабылдайтын емхана мен 200 орындық стационар болады.

Аймақ басшысының орынбасары мердігер ұйымның басшылығына жұмыстың әр кезеңін сапалы әрі уақтылы орындаудың маңыздығын атап өтті.

Медициналық нысанды осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Жаңа кешен іске қосылған соң Риддердің және оған жақын орналасқан аудандардың тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмек қолжетімдірек бола түсіп, қызмет сапасы да айтарлықтай жақсармақ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив