A+ A A-

talgatzhan 32 11-10-2025, 17:30 0

ШҚО-да «Шығыс Салбурыны – 2025» халықаралық фестивалі өз мәресіне жетті

Бүгін / Басты / ШҚО

Ұлан ауданында үш күнге созылған «Шығыс Салбурыны – 2025» фестивалі аяқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Фестивальдің салтанатты жабылу рәсіміне ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов, ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, республикалық «Құсбегілік» федерациясының вице-президенттері Бағдат Мүптекеқызы мен Жанжігіт Омархан қатысып, жеңімпаздарды марапаттады.

– Бұл облыс үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін маңызы зор фестиваль. Үш күн бойы «Бүркіт төбе» алаңының көркін спорттық бәсекелер қыздырып, қатысушылар достық пен бірліктің үлгісін көрсетті. Алтай мен Тарбағатайдың асқақ шыңдарында қыран құс салу – ата-бабамыздан жеткен көне дәстүр. Саятшылық өнердің әлемдік деңгейде мойындалып, ұлттық брендке айналуы – халқымыздың баға жетпес мұрасының мәңгілік екенін дәлелдейді, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Фестивальге Қытай, Ресей, Испания, Мажарстан, Моңғолия, Қырғызстан және Қазақстанның әр өңірінен 100-ден астам спортшы қатысты.

Жарыстың қортыныдысы бойынша қаршыға және бүркіт сайысында Алматы облысынан келген Өмірхан Баетбай, ал ителгі сайысында Ақмола облысынан келген Ерлан Кенжетаев жеңімпаз атанды. Үздік атанғандарға арнайы кубок, грмота және ақшалай сыйлықтар табысталды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив