Өңір басшысы мұны облыс әкімдігінде өтіп жатқан мәслихаттың 24-ші сессиясында айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жыл басталғалы өңірге 542 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Нұрымбет Аманұлының сөзінше, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға артық. Жергілікті бюджетке 177,1 млрд теңге қаржы түскен.
- Қаңтар мен қыркүйек айлары аралығында өңірде ұзын-саны 19 мың жұмыс орны ашылды. Оның ішінде, 14 мыңы - тұрақты. Өңір жұртының орташа айлығы - 407 мың теңге. Бұл былтырмен салыстырғанда 9 пайызға артық. Жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды көрсетеді, - деді облыс әкімі.
Нұрымбет Сақтағанов қазір біртіндеп шағын және орта бизнесті ілгерілету, ауыл шаруашылығы тауарларын қайта өңдеу басымдыққа ие болып келе жатқанын мәлімдеді.
Әділхан ЕСІМХАНОВ
Пікірлер