A+ A A-

talgatzhan 39 Кеше, 15:15 0

ШҚО әкімі «Қалбатау-Майқапшағай» тасжолының ашылу рәсіміне қатысты

Бүгін / Басты / ШҚО

Өңірде халықаралық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» тасжолының «Қалбатау-Майқапшағай» учаскесі салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ауқымды жоба Президент бастамасымен жүзеге асырылып жатқан көлік-логистика инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында іске асырылды.

Жаңа жол ел үшін стратегиялық маңызға ие. Ол халықаралық «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізінің маңызды бөлігі және сыртқы сауданы, транзиттік әлеуетті, өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытуда жаңа мүмкіндіктер ашады.

Қайта жаңарту жұмыстарының нәтижесінде жолдың өткізу қабілеті артып, сапасы жақсарып, жол қозғалысы қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, кәсіпкерлікті және туризмді дамытуға қолайлы жағдай жасалды.

- Бұл жол - ел бірлігінің және ертеңгі күнге деген сенімнің символы. Ол Шығыс Қазақстанның дамуына, азаматтардың өмір сүру сапасының жақсаруына жаңа серпін береді, - деді облыс Нұрымбет Сақтағанов.

Өңір басшысы облыс халқының атынан ҚР Үкіметіне, Көлік министрлігіне, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына және жобаны жүзеге асыруға үлес қосқан мердігер ұйымдарға, инженерлер мен құрылысшыларға өз ризашылығын білдірді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив