A+ A A-

talgatzhan 38 16-10-2025, 16:20 0

Самар ауданында істен шыққан су желілерін қалпына келтіру үшін 300 млн теңгеден астам қаржы бөлінген

Бүгін / Самар

Бұл туралы ақпаратпен ШҚО энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Рауан Тұрысбек бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Мамандардың айтуынша, облыс аумағында соңғы жылдары 10-ға тарта елді мекенде су жүйелері жаңартылып, жаңа желілер тартылған. Бұрын сапасыз салынған немесе істен шыққан су жүйелерін қалпына келтіру ісі де ерекше назарда. Мәселен, Самар ауданының Құлынжон, Аққала және Көкжыра ауылдарында биыл жалпы құны 309,4 млн теңге болатын су жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары аяқталған. Қазір абоненттерді қосу кезеңі жүріп жатыр.

Рауан Тұрысбектің сөзінше, бүгінде өңірде орталықтандырылған сумен қамту деңгейі 99,4 пайызды құрайды.
– Қалалардың 99,9 пайызы, ауыл тұрғындарының 98,4 пайызы және елдімекендердің 98,6 пайызы таза ауызсуға қол жеткізіп отыр. Бұл соңғы жылдардағы жүйелі жұмыстың нәтижесі, – деді ол.
Анықталғандай, биыл облыс бойынша жаңа жобалар қолға алынған. Оның ішінде бірқатар ауылда су құбырларын тарту, насос станцияларын жаңарту және су сақтау қоймаларын салу қарастырылған. Барлық жұмыс жоспарға сай кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқан көрінеді.
Жергілікті атқарушы органдар мәліметінше, барлық жоба толық орындалған соң Шығыс Қазақстанда 600 шақырымнан астам су құбыры желілері салынып, қайта жөнделеді. Соның нәтижесінде өңір халқы таза ауызсумен толық қамтылып, су жүйелерінің тозу деңгейі 47,3 пайызға дейін төмендейді деп күтілуде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив