A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 14:55 0

Самар ауданында заманауи стандартқа сай қонақүй салынады

Бүгін / Самар

Бұл туралы аудан әкімі Серік Жеңісов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, аудан әкімдігі “Pana Asia” қонақүй компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

- Мемлекет басшысының тапсырмасымен туризмді дамыту жұмыстары жалғасуда. Бұқтырма су қоймасының Сарыбелдегі жағалауында халықаралық стандартқа сай заманауи қонақүй бой көтермек, - деді аудан басшысы. 

“Pana Asia” — отандық алғашқы басқарушы компания. Алматы, Шымкент қалалары мен Мәскеуде қонақ үйлері бар. Сонымен қатар компания құрамына «Тары» кофеханалар желісі мен «Сандық» рестораны кіреді. 

- Бұл ынтымақтастық - ауданымыздағы туризмді дамытудың және инвестициялық тартымдылықты арттырудың нақты әрі маңызды қадамы. “Aq Niet Group” командасына және Нұржан Ниязалиевке сенім білдіріп, бірге жұмыс істеуге дайын болғандары үшін алғысымыз шексіз! Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасымен Бұқтырма су қоймасының жағалауында заманауи серуен аймағы жобаланып, құжаттамасы әзірленуде, - деді Серік Жеңісов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив